Мектеп тарихы
Шымкент қаласы, «Мукими атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебі» терең білім мен төл тәрбиенің тоғысқан ортасы. Қазақ тілі, орыс тілі және өзбек тілдерінде білім беретін мектеп, жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағытта оқытады.
Забадам көшелерін тегістеп, асфальт төсеген халық ақсақалы, халықтың мұңын жеңілдетуге қашанда дайын болған ел азаматы Шарифхожа Ашурхожаев немересі Турди Ишановқа (мектептің алғашқы директоры) Забадамға мектеп құру керектігін айтады. Атасының кеңесімен Турди Эшанов Ташкент қаласына барып, мектеп (860 оқушыға арналған «Г» тәрізді) жобасын алып келеді. № 6 мектептің директоры Пугачёв Фёдор Михайловичпен бірге Турди Эшанов қалалық білім басқармасы (гороно) ның басшысы Некрасова Ольга Сергеевнадан рұқсат алады, бірақ халық банкі ақша бөлуден бас тартады. Қалалық атқару комитетінің төрағасы Тинибаев Жомарт Болатович мәселенің оңтайлы жолмен шешілуіне жәрдем береді. Құрылысты РСУ өз жауапкершілігіне алады. 1963-1964 жылдары аралығында мектеп ғимараты салынып пайдалануға беріледі. Мектептің бірінші ұстаздары да демалыс күндері құрылысшыларға көмектеседі. Бірінші мектепке Бахор Норматова директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалады, Наима Эрматова, Надежда Иванова Рашетникова, Хафиза Останқулова, Султон Корчиев, Қутбиниса Анарметова, Сайёра Корчиева, Бахор Наралиева, Ирисой Миртурсунова, және орыс сыныптарына Кобалев Александр Емельянович, Кузнецова Тамара Сергеевна, Лебедева Тамара Александровна, Петриченко Тамара Михайловналар мектептің алғашқы ұстаздары болған. Мектеп салынған кезде 16 сынып жинағы (комплекти) бар еді. Турди Ишанов директор лауазымында істеп тұрған кезеңнің соңғы жылдарында ұстаздар саны 61 ге жетіп, оқушылардың саны да артты. 1969 жылы Турди Эшанов денсаулығының нашарлауына байланысты директор лауазымын Салохиддин Саипназаровқа тапсырады.
Саипназаров Салохиддин 1969-1985 жылдар аралығында Мукими атындағы № 13 мектепте директор лауазымында қызмет атқарады. Жұмыс барысында 2 оқу корпусын құруда табысқа жетті.
Мектепті 1985 жылдан 1997 жылға дейін Хотира Ташходжаева басқарды. Директор ретінде өте көп жетістікке жеткен. Бірнеше кабинеттерді паспорттаудан өткізген. Қосымша мектеп ғимаратының құрылысын жалғастырған. Мектепте қалалық, облыстық, республика деңгейінде семинарлар өткізген. Хотира Ташходжаева мемлекетіміз тарапынан лайықты түрде марапатталған.
1997-2022 жылдар аралығында Садиков Қосжан Әжібекұлы мектепті басқарды. 08.08.2022жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары туралы» бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Мукими атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебі» нің директоры болып Сабирова Луиза Иляшевна тағайындалды.
Мукими атындағы № 13жалпы орта білім беретін мектебінің
ТӨЛҚҰЖАТЫ
Мектеп директоры | Сабирова Луиза Иляшевна |
Ғимарат салынған жыл | 1963,2004 ж |
Ғимарат қуаттылығы | 1010 бірлік (І ауысымға) |
Оқушы саны | 1493 |
Ғимарат қабырғасы | кірпіш |
Шатыры | Шифер |
Жылу жүйесі | автономды |
Су және канализация | Орталықтандырылған |
Ғимараттың жалпы ауданы | 5587 м2 |
Мектеп учаскесінің ауданы | 1 1547 га |
Ауысымдылығы | ІІ ауысым |
Асхана | 122,7 м2 |
Кітапхана | 78 м2 |
Шеберхана | - |
Жалпы оқу бөлмелері | 50 |
Мультимедия-лингофонды каб | 1 |
Информатика кабинеті | 2 |
Компьютерлер,ноутбуктер саны | 366 |
Физика кабинеті | 1 |
Химия кабинеті | 1 |
Логопед-дефектолог кабинеті | 1 |
Биология кабинеті | 1 |
Интерактивті тақта | 9 |
Интернет жүйесі | Қосылған (100 мгб\сек) |
Спорт зал | 1 |
Спорт алаңы | бар |
Медпункт | 2 бөлме |
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Чайковский көшесі 90 мекен жайында орналасқан Мукими атындағы №13 жалпы білім беретін мектебі
1 | Мектеп директоры | Сабирова Луиза Иляшевна |
2 | Ғимарат салынған жыл | 1963,2004 ж |
3 | Ғимарат қуаттылығы | 1010 бірлік |
4 | Күрделі жөндеуге қажеттілік | 1963 жылы салынған Б корпусы күрделі жөндеуді қажет етеді |
2022-2023 жж | ||
5 | Оқушы саны | 1493 |
6 | Ауысымдылығы | ІІ ауысым |
Кабинеттер бойынша | ||
7 | Жалпы оқу бөлмелерінің саны | 50 |
8 | Физика кабинетінің саны (жабдықталуы, ақай жылы сатып алынған қазіргі жағдайы) | 1 каб, 2008 жылы, 1 710 000 теңгеге жабдықталған, жағдайы нашар |
9 | Химия кабинетінің саны (жабдықталуы, ақай жылы сатып алынған қазіргі жағдайы) | 1 каб, 2008 жылы жабдықталған Және 2021 жылы 8 605 520 тг жабдықталды |
10 | Биология кабинетінің саны (жабдықталуы, ақай жылы сатып алынған қазіргі жағдайы) | 1 каб, 2008 жылы, 1 748 400 жабдықталған, Және 2021 жылы 8 529 696 тг жабдықталды |
11 | Робототехника кабинетінің саны (жабдықталуы, ақай жылы сатып алынған қазіргі жағдайы) | жоқ |
12 | СТЕМ кабинетінің саны (жабдықталуы, ақай жылы сатып алынған қазіргі жағдайы) | жоқ |
13 | Лингофон кабинетінің саны (жабдықталуы, ақай жылы сатып алынған қазіргі жағдайы) | жоқ |
14 | Мультимедия кабинетінің саны (жабдықталуы, ақай жылы сатып алынған қазіргі жағдайы) | 1 каб, 2008 жылы, 1 118 000 тг, жағдайы нашар |
15 | Логопед-дефектолог кабинетінің саны(жабдықталуы, ақай жылы сатып алынған қазіргі жағдайы) | 1 каб 2022 жылы , 3019000тг жабдықталды |
16 | Интерактивті тақта саны, қашан сатып алынғандығы туралы толық мәлімет | 4 комплект, 2008 жылы, 1 проектор істен шыққан |
Компьютерлер саны | ||
17 | Жалпы компьютер саны (ноуктбук, планшет сатып алынған жылдары, атаулары, қаржысы) жылмен жазу керек Жарамдысы Жарамсызы | Барлығы 366 компьютер, 235 дана ноутбук 75 дана компьютер- жана 235 дана ноутбук 56 компл компьютер- ескі |
Ноутбук | 2015 жылы 15 дана алынған, 2020 жылы 220 ноутбук - 35417800,0 тенге | |
Компьютер | 2016 жылға дейін 33компл, 2016жылы – 16 дана – 1 278 400 тг 2017 жылы – 2 дана – 250 000 тг 2018 жылы – 5 дана- 1 250 000 тг 2020 жылы 75 компл – 15 367 500 тг | |
Спорт алаңшалары | ||
18 | Спорт зал және спорт алаңшалары туралы толық мәдімет (қай жылы салынған, қаржысы) | Футбол алаңшасы – 1050 м2 Баскетбол және волейбол алаңшасы – 390 м2 2013 жылы орнатыған, 13 081 600 тенге |
Көркем әдебиеттер туралы | ||
19 | Көркем әдебиеттер (саны, сатып алынған жылдары, тозығы жеткен көркем әдебиеттер) | Барлығы 2810 дана, 2003-2015 жж аралығында алынған, жалпы соммасы 758544 тенге, жарамсызы 1405 дана |
Ішкі әжетхана туралы | ||
20 | Сыртқы және Ішкі әжетхана , қаржысы туралы толық мәлімет (ішкі әжетханалардың іске қосылған мерзімі) | Сыртқы әжетхана жоқ Ішкі әжетхана 2020 жылы жөндеуден өткізілді, 13 44,000 тг |
Бейнебақылау туралы | ||
21 | Жалпы бейнебақылау (саны , нүкте саны, тозығы жеткен б\б саны, қай жылдары сатып алынғандығы туралы және қажеттіліксаны туралы толық мәлімет) | Барлығы 36 нүкте 16 нүкте - 2013,2020 жылдары қойылған 20 нүкте -2021 жылы,- 4 255 364 тг орнатылды |
22 | Орнатылған турникет қаржысы және қажеттілік | 1 дана 2021 жылы – 2 620 800 тг |
23 | Жалпы парта саны, қай жылдары сатып алынды және қаржысы, және қажеттілік. Парта саны 685 Қажеттілік 260 | 2008 жылы- 31 дана – 620 000 тг 2008 жылы – 26 дана- 595 445,76 тг 2013 жылы – 3 дана- 60 000 тг 2015 жылы- 53 дана – 794 999,47 тг 2017 жылы – 100 дана- 1 499 999 тг 2017жылы – 76 дана – 599 944 тг 2017жылы – 216 дана- 2 052 900 тг 2020 жылы 120 дана, 1 425,000 тг 2023 жылы -60 дана, 1 87200тг |
Асхана туралы | ||
24 | Асханадағы құрал жабдықтардың атауы, саны, канша орынға арналғаны, қажеттілік атауымен және саны Қажеттілік: | 40 орынға арналған Холодильник – 2 дана Эл плита – 1 дана (тозығы жеткен) Асханаға арналған үстел: 7 дана Орындық: 40 дана Ыдыс-аяқ толық топтама Су жылытқыш аристон – 2 дана Электр пеш – 2 дана Ыдыс аяққа арналған шкаф – 3 дана Қоймаға арналған сөрелер Мясорубка -2 дана Хлеборезка – 1дана Ыдыс жуатын машина – дана Эл Котел – 1 дана Эл плита – 2 дана Жарочный шкаф – 2 дана Эл. сковорода – 2 дана |
Мектептегі автобус туралы | ||
25 | Жалпы автобус саны, қай жылдары сатып алынған. Қазіргі жағдайы | жоқ |
Мектеп ауласындағы жылы жай (теплица) | ||
26 | Мектеп ауласындағы жылы жай (теплица) саны туралы, толық мәлімет, қай жылдары құрылғанлығы туралы және бүгінгі күндегі жай-күйі | 2011 жылы орнатылған (1 дана) Жалпы ауданы *- 300 м2 Орнатылған жылыту қазандығын ауыстыруды қажет етеді |
27 | Ағымдағы жөндеу туралы | |
2021-2022 жж | 2 099 650,01 тенге (смета, қабылдау акті Қосымша-3 ) | |
2022-2023 жж | 2 464 000,0 тенге (смета, қабылдау акті қосымша тіркелді) | |
28 | Сығымдау (опрессовка) | |
2020-2021 жж | 320 000 тенге (Қосымша -4) | |
2021-2022 жж | 300 000 тенге |
Мукими атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің басты міндеті:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыру;
2. Білім беру сапасын жоғары деңгейге көтеру;
3. Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті, жеке тұлға қалыптастыру;
4. Білім беруді басқаруды одан әрі ізгілендіру және демократияландыру;
5. Білім мазмұнын жаңалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын дамытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың білім сапасының көтерілуіне ықпал ету;
6. Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, дарынды тұлғаны дамыту;
7. Мектептің білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында, материалдық-техникалық базаны жақсарту;
Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті, физика, химия, биология, информатика, дефектология, тарих кабинеттері заманауи талапқа сай жабдықталған. «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»,- деген Ахмет Байтұрсынұлы. Мукими атындағы
№ 13 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары – жас ұрпақтың рухани сәулетшісі. Ұлағатты есімнің иесі. Шәкірттеріне бар білімі мен білгенін үйретіп, жақсы қасиеттерді бойына сіңдіріп, дұрыс тәлім-тәрбие беріп, адамгершілік рухты қалыптастырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдауда сүбелі істер атқарып келеді. Мектебіміз «Оқуға құштар мектеп», «Өзін-өзі басқару», «Мектеп және театр», «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубы, «Мектеп парламенті» жоба жұмыстары аясында құрылған клубтар заман ағымдарына сәйкес білімдері мен тәжірибелерін көрсетіп, кең және ауқымды жұмыс атқарып келеді. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұруы керек»,- деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, бала бойындағы дарынды ашып, оқушылардың уақытын тиімді өткізу мақсатында 15 үйірме жұмыс істейді. Қазақ тілін үйренейік, футбол, қыздар мен ұлдарға арналған волейбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, ұлттық асық ойыны, шахмат, спорттық би үйірмесі, АВС ағылшын тілі үйірмесілері ұйымдастырылған. Білім ордамыз ОҚПИ, Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ және басқа да білім мекемелері мен меморандум аясында бірлесе жұмыс атқарады. Оқушыларымыз қалалық, республикалық сайыстар мен олимпиадаларда жүлделі жетістіктерге жетті. 60 жылдық тарихы бар білім ошағы сан шәкіртті түлетіп мыңдаған маман иесін дайындады. Мектеп түлектері еліміздің әр саласында қызмет етуде. Мукими атындағы № 13 жалпы орта білім беретін мектебі, ұлт ұстазының туын тік көтеріп, жаңа Қазақстанның дамуына үлкен үлесін қоса бермек.