Шымкент қаласының білім басқармасының
Мукими атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725) 250-57-66
+7(775) 346-77-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
желтоқсан
2021

Қамқоршылық кеңес отырысы

Қамқоршылық кеңес отырысы

    2021 жылы 10 желтоқсан күні Мукими атындағы  №13 жалпы орта білім беретін мектебінде Қамқоршылық кеңесінің  отырысы өткізілді. Отырыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер көріп шығылды:
1. 2021- 2022 оқу жылындағы І-жарты жылдық есебі - мектеп директоры К.Садиков.
2. "Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайы, ыстық тамақпен қамытылу  бойынша жүргізілген жұмыстар  туралы мәлімет.
3. Білім  сапасы және І жарты жылдық  жетістіктер.
Құқық бұзушылықтың алдын алу.
4. Әртүрлі мәселе.

Мектеп директоры күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алып Іжарты жылдық тағы жүргізілген жұмыс бойынша есеп берді. Мектептің қамқоршылық кеңесі торағасы мүшелерін    оқу жылындағы жылдық жоспармен таныстырды. 

Екінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Төре Сандуғаш - мектепте оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы туралы және әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көрсетілген көмек туралы есеп берді. Президент тарапынан ұйымдастырылып отырған "Жарқыра жайна жаңа жыл тәуелсіз қазақ елінде" атты жаңа жылдық шыршаға 9-13  жас аралығында көп балалы, аз қамтылған, жартылай жетім, тұл жетім,потранаттық тәрбиедегі 2 баланы жіберу керектігін атап өтті.

Үшінші мәселе бойынша ДОІЖО Каюмова Азиза  оқушылардың   І, ІІ  тоқсан бойынша білім сапасы және  оқушылардың  І жарты жылдықтағы  жетістіктері туралы айтып өтті. 

Төртінші  мәселе  бойынша мектеп инспекторы Б. Мавланов жасөспірімдер арасында жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар бойынша есеп берді.
Қамқоршылық кеңес мүшелері атқарылған жұмыстарға оң баға берді және әлеуметтік педагогтың жұмыстарын жандандыруды  ұсынды.

Қаулы:
1.Оқу жылының II жарты жылдығанда оқушылардың білім сапасы арттырылсын.
2.Жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстар мейлінше жиі  жүргізілсін.
3.Жаңа жылдық шыршаға жартылай жетім Бекжанұы Бекбосын және қорғаншылықтағы Туркинь Рамиль жіберілсін.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив