Шахматтан жолдастық кездесу
"Тәуелсіздік-басты құндылығымыз" Тәуелсіздік күніне орай N13жоббм және N42жоббм командалары арасында шахматтан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.Оқушыларды жинақтылыққа,ұқыптылыққа,тез шешім қабылдауға,тапқырлыққа үйретіп және Тәуелсіздік қадірін ұлықтауға арналған іс-шара болып өтті. Бұл іс-шараның оқушыларға берер пайдасы көп.Жолдастық кездесу соңында қамқоршылық кеңестің төрағасы Рузметов Шухрат жеңімпаз команда мүшелеріне сыйлықтар табыстады.