17 наурыз 2022 0 1 2 3 4 5 "ҮШТІК ОДАҚ: МЕКТЕП-ОҚУШЫ-АТА-АНА" "ҮШТІК ОДАҚ: МЕКТЕП-ОҚУШЫ-АТА-АНА" жобасы ынтымақтастығын нығайту, психология-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру мақсатында Шымкент қаласы N 13 жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналарға Ашық есік күні ұйымдастырылды. - Ата-анаға әрбір пән мұғалімдерімен жеке-жеке кездесуге, оқу және тәрбие жағдайларымен танысуға мүмкіндік туды.Бұл күні ата-аналар өз балаларының сабағына қатысып қана қоймай мектептегі «Қош келдің, Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шарасына да қатысты. Мерекелік іс-шараның мақсаты: Наурыз мерекесінің қазақ даласында орны ерекше, Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап,ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Оқушыларымыз өз өнерлерімен көрермендерді қуатты.Ата-аналар мектеп әкімшілігіне өз ризашылығын білдірді.Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын!!!Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!!!