28
наурыз
2022
Қамқоршылық кеңесі отырысы
2021-2022 оқу жылының 28 наурызы күні өткен Қамқоршылық кеңесі отырысы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N13 жалпы орта білім беретін мектебінің басшысы Қ.Садиков "Қамқоршылық кеңес" және оның мүшелері алдында 2021-2022 оқу жылының І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар жайлы, игерілген қаржы мен әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға көрсетілген көмектер туралы есеп берді.
2021 жылдың қыркүйек айынан бері жұмсалған қаржыларға есеп бере кетсек:
турникетке - 1 900 000 тг;
опрессовка - 205 357 тг; дабыл (тревожная кнопка) - 79 600 тг қаржы жұмсалды, модификациялық химия және биология кабинеттеріне 17,135216 тг қаржы бөлінді.
Сондай-ақ, комиссия мүшелерінің келісімімен биылғы оқу жылының 15 қазан айынан бастап «Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан» бөлінетін қаражат есебінен мектепте жекелеген санаттарына сәйкес есепте тұратын жалпы 856 оқушыға оның ішінде 597 бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылды.
Шымкент қаласы білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы №21-44-7264 санды хатына сәйкес,Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Жарқыра, жайна жаңа жыл- Тәуелсіз қазақ еліне” тақырыбында Президент шыршасы өткізілді. Нәтижесінде, “Қамқоршылық кеңестің" №3 хаттамасымен мектебімізде мәртебесіне қарай әлеуметтік есепте тұратын жартылай жетім оқушыларымыз қатысып өзіне тиесілі сый-сияпаттарын алды. Сонымен қатар ата-анасының жеке есеп шотына қаржылай 100 000 мың теңге аударылды. “Қамқоршылық кеңес" мүшесінің тұрақты демеушісі әлеуметтік мәртебесіне қарай 20 оқушыға жаңа жылдық сыйлықтар таратты.
Сондай ақ, ІІ жарты жылдықта атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.
"Қамқоршылық кеңес" мүшелері мектептегі атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, өздерінің оң бағаларын беріп, ризашылықтарын білдірді.