Шымкент қаласының білім басқармасының
Мукими атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725) 250-57-66
+7(775) 346-77-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
маусым
2023

Аттестат тапсыру

Бітіруші түлектерге арналған «Аттестат тапсыру» мерекелік іс-шарасы 🎉

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Мукими атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 21 маусым күні бітіруші түлектерге арналған «АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Аталмыш іс-шараны мектеп директоры Сабирова Луиза Иляшевна ашып беріп, бітіруші түлектерге салтанатты түрде аттестат тапсырды және құттықтау сөз сөйлеп, сәт-сапар тіледі. Биылғы оқу жылында мектебімізде 46 оқушы мектеп бітіріп, оның ішінде
11 «А» сынып оқушысы САИТОВА Гулчехра, 11 «В» сынып оқушысы Откирбаева Жасмина "ҮЗДІК АТТЕСТАТҚА" бітірді.
Мектеп директорының үлкен өмірге қанат қаққан жастарды құттықтауы, түлектердің білім ұялары туралы әуезді әндерді орындауы, ата-аналардың әсерлі лебіздері бір-бірімен үйлесіп, керемет көтеріңкі көңіл-күй қалыптасты.
Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан, демекші, бітіруші түлектерге ашық, даңғыл жол тілейміз!



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив