Шымкент қаласының білім басқармасының
Мукими атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725) 250-57-66
+7(775) 346-77-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп оқушылары қала сыртындағы "Ақсу" және «Машат-Арасан» жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуда.
19
шілде
2023

Мектеп оқушылары қала сыртындағы "Ақсу" және «Машат-Арасан» жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуда.

 Мектеп оқушылары қала сыртындағы "Ақсу" және «Машат-Арасан» жазғы сауықтыру лагерлерінде көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларынан 72 бала
демалып қайтты. Лагерге барған демалушы оқушыларды медбике тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізді. Жазғы лагерде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға бес мезгіл тамақ берілді. «Бала күлкіге тоймас» дегендей, балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып, әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындарға қатысты. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтілді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсады. Оқушылар ән айтып, би билеп, демалыс лагерінің жұмысын қыздыра түсті.  Балалардың  демалуына барлық жағдайлар жасалған. Қайсысымен әңгімелессең де, жаз мезгілін жыл сайын асыға күтетінін, лагерге келу арқылы көп дос табатынын, түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл көтеретінін айтып мәз-мейрам болды. Осылайша балаларымыздың әр күні мәнді де сәнді өтті! Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Балжан Бертанова  бірнеше рет лагерге барып балаларымызды көріп қайтты. Лагердің санитарлық жағдайын, асханасын, ас мәзірін, сонымен қатар балалардың жатын бөлмелерін көріп, лагердің күн тәртібімен танысты. Балаларымыздың  жазғы демалысы қызықты, көңілді өтіп, балаларымызда, ата-аналарда риза болып, алғыс білдіруде.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив